11 тамызда Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тікелей эфир Астана уақытымен 23:15-те басталып, Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады.

Ауқымды шоуға Билли Эйлиш, Снуп Дог, Red Hot Chili Peppers, Том Круз, Тейлор Свифт, Райан Гослинг, Леонардо Ди Каприо, сондай-ақ француздық Phoenix және AIR топтары сияқты халықаралық жұлдыздар қатысады.

Шара «Стад де Франс» стадионында өтеді және Олимпиада алауын 2028 жылы келесі ойындарды қабылдайтын Лос-Анджелес қаласының мэріне тапсырумен аяқталады.