Жұма, 9 тамыз күні Парижде әйелдер арасында 10 000 метрлік марафон өтіп, жарыста кениялық Беатрис Чебет топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс кезінде оқыс оқиға болды: франциялық желаяқ Алессиа Зарбо 25 минут жүгірген соң есінен танып жатты.

Спортшыны эвакуациялау үшін жарыс жолына шыққан дәрігерлер бригадасы жарысты бұза жаздады.

Franceinfo хабарлағандай, француз спортшысы қазір сауығып келеді, бірақ оның баспасөзбен байланысуына болмайды.