Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымындағы құрамын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 тамызда «Барыс» 2024/25 маусымы қарсаңында «Барыс-Аренада» командасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесердің видеосын төменде көруге болады.

Жаңа маусымда команданың бас бапкері ресейлік маман Дэвид Немировский болады.

Айта кетейік, Дэвид Немировскидің командасы Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымындағы дебюттік ойынын өз алаңында 4 қыркүйекте Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасына қарсы өткізеді.