Францияның баскетболдан әйелдер құрамасы Олимпиадалық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франция баскетболшылары жартылай финалда Бельгия құрамасын қосымша уақытта 81:75 есебімен жеңді.

Финалда Франция кейінгі жеті Олимпиаданың чемпионы АҚШ құрамасымен ойнайды.

Қола жүлде үшін Бельгия Австралиямен кездеседі.