Испанияның Бургос провинциясының жолдарында өтіп жатқан «Бургоса Вуэльтасы» көпкүндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық кезеңнің жеңімпазы чехиялық шабандоз Павел Битнер атанды. Екінші орынды италиялық Джакомо Ниццоло иеленді. Үздік үштікті испаниялық спортшы Иван Гарсиа Кортина түйіндеді.

«Астананың» голландиялық шабандозы Иде Схелкинг мәреге 16-болып келді. Ал бүкіл жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары арасындағы ең үздік нәтижені италиялық Лоренцо Фортунато көрсетті. Ол 19-орынға ие болды.