Қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны (97 келі) Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен (Мысыр) күш сынасады

Осы жұптың жеңгені әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күреседі.

Әлішер үшін бұл - екінші Олимпиада.