Англия құрамасының баспасөз қызметі Англия жастар құрамасының бапкері Ли Карсли негізгі құраманың уақытша бас бапкері болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман 2024/25 маусымындағы Ұлттар лигасының алғашқы матчтарында Англия құрамасының тізгінін ұстайды, онда англиялықтар Ирландия мен Финляндиямен кездеседі.

Еске сала кетейік, Ли Карсли Англия жастар құрамасын 2021 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді.