Леброн Джеймс төртжылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасында ерекше жетістікке жетті. Бұл туралы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ құрамасының жұлдызы Леброн Джеймс Олимпиаданың жаңа трипл-дабл королі атанды. Баскетболшы мұндай нәтижеге жартылай финалда Сербияға қарсы ойында қол жеткізді. Бұл – оның Олимпиададағы екінші трипл-даблы.

АҚШ құрамасы матчтың көп бөлігінде Сербия құрамасынан төмен болды, тек Стефен Карридің 36 ұпайы мен Леброн Джеймстің «трипл-даблы» оны сәтсіздіктен құтқарды.

Нәтижесінде АҚШ құрамасы 95-91 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.