Қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали Париждегі Олимпиада ойындарында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирге іріктеу кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы белдесуінде ол малилік Исмаэл Кулибалимен кездесті.

Қазақстандық бірінші айналымда 5-4 есебімен жеңіске жетті. Екіншісі Кулибалиге бұйырды (1-1, басымдықпен жеңіс). Кездесудің тағдыры үшінші раундта шешіліп, қазақстандық спортшы 2-1 есебімен ұтты.

Осылайша Төлеуғали Олимпиада ойындарының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі қарсылас итальяндық, екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессио болмақ.