Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Әмір Омарханов Сербиядағы Янко Типсаревич теннис академиясында Аустралия құрамасының көшбасшысы Алекс де Минормен бірге жаттықты.

Алекс өзінің спорттық жолында ATP турнирлерінде 10 рет жеңімпаз атанса, соның тоғызында жекелей сында үздік шыққан.

Әмір Омарханов — Қарағанды теннис мектебінің түлегі, онда Петр Нестеровтің басшылығымен жаттыққан. Қазіргі кезде Әмір Белградта Янко Типсаревич академиясында Неманья Лаличтің қоластында шеберлігін ұштап жүр.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 14-орында тұрған Әмір бүгінде АҚШ-та 19-24 тамызда хард төсенішінде өтетін ITF Juniors J300 College Park жарысына дайындалуда. Содан кейін жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында өнер көрсетеді.