Футзалдан Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатының маскоты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Тұран жолбарысы Хан көршілес елде өтетін Әлем чемпионатының бет-бейнесі болады. Жолбарыс - жылдам әрі ерекше қабілеттерге ие жануар. Ал бұл қасиеттер футболшыларға тән.

14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін дүбірлі доп додасында Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен бір топта бақ сынайды.