Марокко құрамасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Марокко құрамасы үшінші орын үшін таласта Египет құрамасын 6:0 есебімен жеңді. Осылайша Олимпиаданың қола жүлдегері атанып, Марокко қоржынына екінші медалді салды.

Бұған дейін Суфиан Эльбаккали 3000 м кедергілер арқылы жүгіруден чемпион атанған еді.