Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшылары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 1:46.75 секунд. Осылайша, олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады. Алтын Қытай, күміс Италия, қола Испания құрамасында.

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров осымен екінші рет Олимпиадаға қатысты.

Фото: Владислав Семенов.