Тунис таэквондошысы Мохамед Халил Жендуби Париждегі Олимпиадада қола медаль жеңіп алды. Спортшыны Алматыдан келген маман жаттықтырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

2023 жылдың қазан айынан бастап алматылық жаттықтырушы Есбол Сұлтанов Тунис ұлттық таэквондо құрамасының бас бапкері қызметін атқарады.

Оның басшылығымен Тунис елінің спортшылары Париждегі Олимпиада ойындарына төрт лицензия жеңіп алды. ОИ-дің алғашқы күнінде-ақ оның шәкірті қола медаль жеңіп алды.

Қазіргі кезде Қазақстан бұл спорт түрінен төрт жылдықтың басты жарысында әлі жетістікке жете алмай отыр. Дегенмен, біздің Батырхан Төлеуғали медаль үшін күресуге әлі де мүмкіндігі бар.