Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана жаңа командамен келісімшартқа отырды.

Ол «Ақтөбеден» кеткеннен кейін мансабын жалғастыру үшін «Жеңісті» таңдады. Бұл туралы елордалықтың директоры Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында хабарлады.

Премьер-лиганың биылғы маусымында Байтана «Ақтөбе» сапында алаңға он рет шығып, бір гол соқты. Жартылай қорғаушы «Ақтөбемен» бірге чемпионатта күміс пен қола жүлдеге қол жеткізді.