Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші айналымында ұтылды, деп жазады Olympic.kz.

Тәжірибелі балуан америкалық Аарон Брукске есе жіберді. Есеп - 3:4.

Аарон Брукс АҚШ біріншілігінде әйгілі Дэвид Тейлорды жеңген болатын.

Енді Дәулетбеков Брукстың финалға шығуын күтеді. Егер ол ақтық сынға сүрінбей жетсе, Дәулетбековте жұбаныш белдесуіне мүмкіндік пайда болады.