Ұлттық құрама спортшысы Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан жарысты бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз көпсайысты шығыршықтағы жаттығумен бастап, 30.750 ұпай алды. Қазір отандасымыз 8-орынға тұрақтады.

Енді ол екінші мүмкіндігінде доппен, сосын ұршық және лентамен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бүгін іріктеудің нәтижесінде 24 гимнастың арасынан финалға шыққан үздік оны анықталады.