Жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Дмитрий Бивол Қырғызстан тауларында ресейлік Артур Бетербиевке қарсы титулды жекпе-жекке дайындалып жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бивол мен Бетербиев 12 қазанда Сауд Арабиясында жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Дмитрий Бивол кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен. Артур Бетербиев 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен.