Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен чемпион атанған Нао Кусака қазақстандық Демеу Жадыраевпен белдесуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Белдесу оңай болған жоқ. Қарсыласым Демеу өте мықты, ол соңына дейін күресті. Оны қатты құрметтеймін. Кездесуде бар күшімді салдым. Қазақстандық спортшылар өте мықты, белдесуде жеңіске жету оңай болған жоқ. Сіздердің спортшыларыңызды құрметтеймін және олардың күші мен шеберлігін мойындаймын», - деді ол Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық балуан Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) финалда жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.