Қазақстандық теннисші Анна Данилина чехиялық Мария Боузковамен бірге, Торонтода (Канада) өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында Анна мен Мария венгриялық Тимеа Бабош пен украиналық Надежда Киченокты екі сетте – 1:6, 5:7 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.

Айта кетейік, 28 жастағы Данилина қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 47-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жақсы нәтиже.