27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев беларусьтік «Минск» командасымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Ухо» телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Осы маусымда Васильев Минск «Динамосының» құрамында екі ойын өткізді, бірақ көп ұзамай тараптардың келісімі бойынша ол клубпен қоштасты. Кейінірек футболшының «Минскпен» жаттығуда екені белгілі болды», - деп жазады дереккөз.