Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

80 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда украиналық Олександр Хижняктан төрешілер шешімімен жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола бар.