Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

77 келі салмақта сынға түскен Демеу Жадыраев финалдық бәсекеде жапондық Нао Кусакадан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген.

Демеу Жадыраевтың финалға дейінгі қарсыластары: 1/8 финал. Хаир Алексис Куэро (Колумбия) 9-0. Ширек финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3-1. Жартылай финал. Санан Сулейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6-1