Ислам Махачев UFC титулын қорғауды қашанға жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Махачев маусым айының басында американдық Дастин Порьеге қарсы соңғы титулдық шайқаста алған қол жарақатынан айығып жатыр.

- Жыл соңына дейін октагонға шығу жоспарыңыз бар ма?

«Иә, мен жыл соңында чемпиондық белбеуімді қорғаймын деп үміттенемін», — деді Махачев ESPN-ге берген сұхбатында.

Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жекке басты үміткер тағы бір ресейлік Армен Царукян.