«Ақжайықтың» бұрынғы басшысы Азамат Шайхы 57 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Антикор өкілі Данияр Бигайдаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Ақжайық» ФК бұрынғы директоры ұсталды. Ол БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы "Ақжайық" ФК «Арт спорт» бағдарламасы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілген қызметтер түрімен бөлінген 57 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын алдау жолымен ұрлық жасады деп күдіктелуде. Соттың санкциясынан күдікті қамауға алынды», - деп хабарлады Бигайдаров.