Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта Тұрсынов 1/8 финалда египеттік Мохамед Метваллимен кездесіп, 10:1 есебімен қарсыласын сенімді жеңді.

Осылайша, Тұрсынов ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Демеу Жадыраев грек-рим күресінен финалда белдеседі.