Монреальда (Канада) Masters сериясы (ATP-1000) турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сайыста бірінші айналымдағы кездесуін өткізді.

Ашылу матчында Бублик пен америкалық ойыншы Бен Шелтон Харри Хелевоаара (Финляндия)/Генри Паттен (Ұлыбритания) дуэтін 7:6, 2:1 есебімен ұтты. Екінші cетте фин-британ тандемі жарақатқа байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Матчтың ұзақтығы 1 сағат 6 минутты құрады.