7 тамыздан 8 тамызға қараған түні қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай 2024 жылы Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарында финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келі салмақта финалда Оралбай украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 01:51-де басталып, Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Нұрбек Оралбай қазіргі әлем чемпионы: ол өткен жылы Ташкентте (Өзбекстан) алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ қазақстандық 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Александр Хижняктың 2020 жылы Токиода (Жапония) өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері және 2017 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ Еуропа ойындарында екі рет жеңіске жетті.