Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Боготада (Колумбия) «Челленджер» сазды сериясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы кортта америкалық спортшы Харрисон Адамспен (әлемнің 469-шы ракеткасы) кездесіп, үш сетте 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 14 минутқа созылған ойын 1/16 финалдық кезеңде өтті.