2024 жылғы Париж Олимпиадасында таеквондодан жеребе тартылды. Olympic.kz қазақстандық атлеттердің алғашқы қарсыластарын назарларыңызға ұсынады.

Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді.

9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.