Сот орындаушылары ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың мүлкін 79 миллион рубльге (443 миллион теңгеге) тәркілеген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, мұндай шешімге Хабибтің 302 миллион рубльге жуық салық қарызы себеп болған. Тәркіленген мүліктің ішінде Нурмагомедовтың Дағыстандағы отбасылық үйі, сондай-ақ жалпы құны 813 мың доллар тұратын алты көлік – 2 Mercedes, 2 Toyota, BMW және Ferrari бар.

Бұған дейін Федералдық салық қызметі Хабибтің MMA лигасы Eagle FC, Нурмагомедовтың қайырымдылық қоры мен файтерге тиесілі бірнеше компанияның аккаунттарын бұғаттап тастаған.