Бразилиялық файтер, жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейраға ауыр айып тағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы америкалық Мередит Браун әлеуметтік желілерде Перейраны сексуалдық зорлық жасады деп айыптап, жалпы ұзақтығы шамамен 20 минут болатын бірнеше видео жариялады.

Бойжеткен маусым айының басында Нью-Джерсиде өткен UFC 302 турнирі кезінде бразилиялық файте

ердің құрбаны болғанын егжей-тегжейлі сипаттады. Оның айтуынша, Перейра Нью-Йорктегі қонақүйде құрбысының көзінше оған жыныстық зорлық көрсеткен. Мередит ықтимал қылмыстың ешбір заттай дәлелін келтірмеді.