Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтем жасап.

Екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан сынға түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова жартылай финалға өткен үштіктің қатарына енбеді. Олар мәреге 2 минут 1,76 секундта жетіп, өз тобында соңғы орын алды.

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов (каноэ, 500 м) дуэті де ширек финалда сүрінді. Олар өз тобында жарысты соңғы болып аяқтады. Қазақстандық спортшылардың уақыт көрсеткіші – 1 минут 44, 03 cекунд.

Сондай-ақ екі адамдық байдарка есуден (500 м) сайысқан Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий де жартылай финалдан шет қалды. 1 минут 37,58 cекундта мәреге жеткен олар келесі кезеңге өткен төртіктің қатарына қосыла алмады. Осылайша, үш қазақстандық дуэт Париж Олимпиадасының жүлдесінен қол үзді.

Енді олар жұбаныш финалына қатысып, соңғы орындарға таласады.