Қазақстандық бұрынғы кәсіпқой ойыншы Дәурен AdreN Қыстаубаев Counter-Strike 2-ден кәсіпқойлар арасына оралғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алты айда ыдырамайтын жақсы құрам, жақсы жалақы және тұрақты ұйым болса, оралатын едім», - деді Қыстаубаев Михаил Dosya Столяровтың арнасындағы видеода.

Дәуреннің соңғы командасы K23 болды. Қыстаубаев карьерасында 440 мың доллардан астам табыс тапты.