Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында екілік каноэден (500 метр) әйелдер арасындағы ширек финал аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ширек финалда өнер көрсеткен қазақстандықтар Мария Бровкова мен Руфина Искакова жартылай финалға жолдама ала алмады.

Олар өз тобындағы төрт жұптан төртінші орын алды. Жартылай финалға алғашқы үш орынды иеленген командалар өтеді.