Париж Олимпиадасында ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеуден іріктеу кезеңінде қазақстандық Әмір Маймұратов өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка өкілі Брюнс Джошуамен шеберлік байқасты. Бұл текетіресте Маймұратов 4,94 секунд нәтижесін көрсетсе, Оңтүстік Африка спортшысы 5,84 секундта биіктікті бағындырды.

Ширек финалға әр кездесуде жеңіске жеткен спортшылар шығады. Сондай-ақ әр кездесуде жеңілгендер арасында ең үздік уақытты тіркеген спортшы ширек финалға жолдама алады.