Бүгін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында сенсация жасап, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Демеу ширек финалда қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесті. Қазақстандық балуан бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, сенсация жасады – 3:1.

Еске салайық, Жадыраев бұған дейін 1/8 финалда колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньосты сенімді жеңген болатын.