Париж олимпиадасында жұлдызға айналған түркиялық мерген Юсуф Дикеч не себепті жарыс алаңына арнайы құрал-жабдықсыз шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Спортшының сөзінше, ол бұл спорт түрімен 24 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін төрт Олимпиадаға қатысқан, дегенмен арманындағы жүлдесін бесінші – Париждегі аламанда ғана иеленген.

«Құрал-жабдықты кигенде өзімді жайсыз сезінемін. Атыс – бұл назарды талап ететін спорт түрі. Ал мен бұл киімде өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сол үшін де кимеймін. Ату спортында жүргеніме 24 жыл болды. Бұған дейін танымал болған емеспін7

Ал Олимпиададан соң көшеде жай жүре алмайтын жағдайға жеттім. Адамдар құттықтап, бірге суретке түсу туралы өтініш жасайды. Түркияда ғана емес, басқа елдерде де танымалдылығым артқанын түсіндім. Әлеуметтік желіде жазып, белгілеп жатады. Керемет сезім екен. Бұл менің бесінші Олимпиадам болса да, алғашқы жүлдем», - деді түркиялық спортшы.

Сонымен қатар ол қазақстандық спортшылар туралы да пікірін білдірді.