Бүгін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында алғашқы кездесін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

77 келіге дейінгі салмақта Демеудің 1/8 финалдағы қарсыласы колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньос болды. Бұл белдесуде Жадыраев қарсыласын 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Еске салайық, бүгін боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының финалына шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жарыс жолына шығады.