Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Линкольн қаласындағы (АҚШ) Челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда ол жаңазеландиялық Антон Шиппті (ATP 1472) 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.