Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) 31 тамызда Hollywood Fight Nights шоуы аясында АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Садриддиннің қарсыласы америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болады.

«Садриддин Ахмедов әуесқойлар арасында 200-ден астам жеңіске жеткен Антонио Тоддпен кездеседі», - делінген промоушен хабарламасында

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 24 желтоқсан күні Алматыда өткізді. Боксшы алғашқы раундта оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) жеңді.