Бүгін «Қайраттың» бұрынғы атақты қақпашысы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 75 жасқа толды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкент футболының түлегі Құралбек Ордабаев еңбек жолын 1968 жылы жергілікті «Мелиораторда» бастаған. 1971 жылы Алматының «Қайратына» ауысып, Одақтың Жоғарғы Лигасында дебютін өткізіп, КСРО чемпионатының үздік ойыншысы болып танылды. 12 жыл бойы «Қайраттың» қақпашысы болды.

Ойыншы мансабының соңында «Қайрат» пен «Мелиоратор» командаларының басшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығының және алматылық «Қайраттың» президенті болды.