Швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында өзінің әлемдік рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы спортшы 6,25 м-ге секіре алды, осылайша, спортшы 2024 жылдың сәуірінде белгіленген 6,24 м-ден асып түсті.

Арман үшінші әрекетінде жаңа рекорд орната алды. Ол бұған дейін 6,10 метрлік Олимпиада рекордын орнатқан болатын.

Олимпиаданың күміс жүлдегері америкалық спортшы Гэвин Сэм Кендрикс болды, ол 5 м 95 см нәтиже көрсетті.

Үшінші орынды Грекия спортшысы Эммануэль Каралис алды, ол 5 м 90 см қашықтықты бағындырды.

Дюплантис екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Арман алғашқы Олимпиада алтынын 2020 жылы Токиода өткен жарыста жеңіп алды. Сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионы (2022, 2023) және үш дүркін Еуропа чемпионы (2018, 2022, 2024). Ол әлемдік рекордқа ие - 6,24 м.