Астаналық «Барыс» ресейлік шабуылшы Онисим Ищенкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы Онисим Ищенко «Барыспен» сынақ келісімшартына отырды. Келісімшарт 30 тамызға дейін жарамды.

Өткен маусымда 17 жастағы хоккейші 2007 жылы туған Мәскеу жастар чемпионатында 12 кездесу өткізіп, төрт (3+1) ұпай жинаған.

Астаналық команда Құрлықтық хоккей лигасы маусымындағы алғашқы ойынын 4 қыркүйекте Нижнекамск «Нефтехимигіне» қарсы өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін астаналықтар канадалық шабуылшы Майкл Маклаудпен келісімшартқа отырған болатын.