Бүгін түнде Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшысы Назым Қызайбай жартылай финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда 50 келіге дейінгі салмақта Қызайбай қытайлық У Юмен кездеседі.
Жекпе-жек тікелей эфирде Астана уақытымен 01:00-де басталады, оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалында колумбиялық боксшы Ингрита Валенсияны (4:1) жеңген болатын.
Айта кетейік, Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016), ал У Ю қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы.
Комментарии