Астанада шахматтан рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні блиц бойынша 2024 жылғы әлем чемпионы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл атаққа Магнус Карлсен бастаған WR Chess Team командасы ие болды.

Блиц бойынша командалық әлем чемпионаты екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде 40 команда әрқайсысы 8 командадан тұратын 5 топқа бөлініп, айналма жүйе бойынша ойнады.

Айта кетейік, команда сапында міндетті түрде бір әйел және рейтингі 2000-нан төмен бір әуесқой ойыншы болуы тиіс еді.

Нәтижесінде Al-Ain ACMG UAE және Chessy командалары қола медальға қол жеткізді.

Ал финалда WR Chess Team командасы үндістандық қарсыластарын қапы қалдырып, блиц бойынша 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 350 000 еуро құрағанын атап өткен жөн. €250 000 рапидке бөлінсе, €100 000 блиц жүлдегерлеріне табысталды.