5 тамызда Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан төрт спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ту ұстаушы Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде финалға өте алмады.

Ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан микстте іріктеуден өтпеді.

Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали қарсыластарына жол берді. Енді ертең олардың қарсыластарының финалға шыққанын күтеміз.

Стенд атуСкит. Іріктеу. МикстӘсем Орынбай/Эдуард Ещенко – 12-орын (140), финалға шықпады

Жеңіл атлетика200 м. Әйелдер. Жұбаныш кезеңіОльга Сафронова – өз тобында 6-орын (23.70), финалға шықпады

Грек-рим күресіЕрлер, 130 кг. 1/8 финалӘлімхан Сыздықов – Алин Алексус Чюрариу (Румыния) – 3:1Ерлер, 130 кг. Ширек финалӘлімхан Сыздықов – Сабах Шариати (Әзербайжан) – 0:4

Ерлер, 60 кг. 1/8 финалАйдос Сұлтанғали – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) – 3:6