Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында жалпы медальдар кестесінде Қытай құрамасы көш басына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір медальдар кестесіне Қытай құрамасы АҚШ-тан озып, бірінші орынға шықты. Қытай құрамасында 21 алтын, 17 күміс және 14 қола медаль бар.

Ал АҚШ құрамасының еншісінде 19 алтын, 29 күміс және 27 қола медаль бар, бұл Қытайдан 3 алтын медальға кем.

Үздік үштікті 13 алтын, 11 күміс және 8 қола медальмен Аустралия құрамасы түйіндеп тұр.

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, 29-орында тұр.

Бүгін Олимпиадада үш мемлекет алғашқы медальдарын алды, осылайша жүлде алған ел саны 64-ке жетті.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады.