Танымал қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов YouTube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» арнасына берген сұхбатында спорттағы жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондон-2012 Олимпиадасына қатысқан спортшы ауыр атлетикадағы допинг дауына қатысты сұраққа жауап берді.

«Допинг деп аталатын дәрі жоқ. Егер сіз аспирин ішсеңіз де, ол допинг болып саналады. Бірақ бізге тестостерон және басқа заттарды берді. Біздің министрлік допингке тест қабылдайтындармен келісетін. Мұның бәрі ақша. Тестілеуге келсек, допинг сынамасын бізден емес, «сыңарымыздан» алатын. Менің дублерім інім Айдос болды. Ол менің атымнан тест тапсырады. Илья Ильиннің де мұндай дублері болды, ол - ағасы Алексей, оның орнына сол сынақ тапсырған. Нәтижесінде біз таза болып шығамыз. Мұның бәрі коррупция», - деді ол.

Айта кетейік, танымал қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов Алматыда күзетші болып жұмыс істеп жүр.