Ақтаулық «Каспий» қазақстандық 23 жастағы шабуылшы Бақдәулет Зүлфиқаровпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы маусымда Бақдәулет Зүлфиқаров қызылордалық «Қайсар» сапында екі матч өткізді. Шабуылшы бұған дейін «Тұран», «Қыран» және белорусиялық «Энергетик-БГУ» командаларында ойнаған.